Астанада «Атамұра» баспасынан шыққан төрт кітаптың тұсаукесері өтті
Астанада «Атамұра» баспасынан шыққан төрт кітаптың тұсаукесері өтті. Шара жетінші рет өткізіліп жатқан Еуразиялық халықаралық кітап-көрме жәрмеңкесі аясында ұйымдастырылған. Оның екеуі жаңа кітап болса, тағы екеуі оқырманға бұрыннан таныс. Сенат депутаты, қоғам қайреткері Дархан Қыдырәлінің «Тамыр» және «Абыздар аманаты» кітаптары бұрын еш жерде жарияланбаған. Жазушы тарихи деректерге сүйене отырып, зерттеу жүргізіпті. Автордың айтуынша, екі кітап бірін-бірі толықтырады. Сондай-ақ, баспадан бірнеше рет басылып шықан Серік Негимовтың «Шешендік өнер» және Амангелді Кеңшілікұлының «Жүрек сөзі» кітаптарының жаңа басылымын көпшілікке таныстырды.
Дархан Қыдырәлі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Біздің «Тамыр» қазақтың да, қырғыздың да, көшпелі жұрттың жалпы түрк әлемінің тамыры. Мұнда сақ, скиф, ғұндардан бастап көне түрік қағанаттары оның құрамына кірген үлкен мемлекеттер және басқада біздің іргелі мемлекеттік сабақтасығымыз осында нақты деректермен, археологилық қазба жұмыстарының нәтижесімен жазылған. Екіншісі «Абыздар аманаты» - біздің тарихымыз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Экоакцияға атсалысқан жастар марапатталды
28.04.2026, 13:18
Маңғыстау облысында ерекше демалыс орны ашылды
28.04.2026, 13:15
Екі мың оқушы түрлі аспаппен «Алтын ұя» күйін орындады
28.04.2026, 13:13
Талдықорғандағы «Шын жүректен...» шарасы балаларды қуантты
28.04.2026, 13:10
БҚО-да «Turġyndar amanaty» жобасы іске қосылды
28.04.2026, 13:07
Коул Алленге АҚШ президентін өлтірмек болды деген айып тақты
28.04.2026, 13:05
Павлодарда үлкен көлемде есірткі тәркіленді
28.04.2026, 13:03
«Nura Elite» ісі: Құрылыс компаниясының басшысы тергеліп жатыр
28.04.2026, 13:00