Қ.Бишімбаев ісі: Ресейлік сарапшылардың қорытындысы жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Бишімбаев ісі: Ресейлік сарапшылардың қорытындысы жарияланды

16.04.2024

Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты 11-ші сот отырысы өтті. Айыпталушының адвокаттары Мәскеуде жасалған жеке сот медициналық сараптама қорытындысын оқуға рұқсат сұрады. Алайда, прокурор Айжан Аймағанова, бұған қарсы болды. Бишімбаев тарапынан жеке сараптама жасалып жатқаны құзырлы органдарға ескертілмегенін айтты. Ал сараптама қорытындысы жалған болған жағдайда Ресей азаматтарын жауапкершілікке тарту мүмкін емес деді. Мұны жәбірленуші тарап та қолдады. Бұл ретте айыпталушының қорғаушылары сараптаманы жасаған мамандар Ресейдің білікті мамандары екенін алға тартты. Бишімбаевтың анасы «сараптама қаралмаса, ұлының конституциялық құқығы шектелді» деп есептейтінін жеткізді. Ақыры Ресей мамандарының шығарған қорытындысы оқылды. Ондағы нәтиже бойынша, марқұм Нүкенова ескі жарақатынан қаза болған. Бұл мәлімдеме бұрын айтылған қазақстандық сарапшылардың тұжырымына қайшы келеді. Судья «ресейлік сарапшылардың қорытындысын дәлел деп санауға бола ма?» деген сұрақ бойынша шешім қабылдау үшін үзіліс жариялады


Хабарламаларға жазылу