Су тасқыны: Солтүстік пен Батыс Қазақстанда жағдай күрделі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су тасқыны: Солтүстік пен Батыс Қазақстанда жағдай күрделі

16.04.2024

Солтүстік Қазақстан облысында қызыл судан келетін қауіп әлі сейілмеді. Жағдай күрделі, дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Евгений Журавлев. Айтуынша, Сергеев су қоймасындағы су 9 см-ге төмендеген. Бірақ соған қарамастан, Ақмола облысынан су тасқынының екінші толқыны келе жатқанын жеткізді. Батыс Қазақстан облысында да ахуал мәз емес. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен көлемді су 20 сәуір келеді деген болжам барын айтты. Таңғы 10:00-дегі ақпарат бойынша Жайық өзенінің су деңгейі 7.76 см. Бұл өткен тәуліктегі көрсеткіштен 8см жоғары. Өзен маңайындағы саяжай мен елдімекен тұрғындарын эвакуациялау жалғасып жатыр, деді.

Су тасқыны: Атырау облысында жағдай тұрақты

Атырау облысының Жылыой ауданындағы жағдай әзірге тұрақты. Құлсары қаласында Жем өзенінің су деңгейі тәулік ішінде 20 см-ге төмендеген. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Айсұлу Келдіғалиеваның айтуынша, қазір су басу қаупі бар: Индер, Махамбет аудандарында жаға бекітіліп жатыр.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу