Астанада «Аялы алақан» І халықаралық конгресі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Аялы алақан» І халықаралық конгресі өтіп жатыр

11.04.2024

Астанада акушерлік іс мамандарының «Аялы алақан» І халықаралық конгресі өтіп жатыр. Мақсат – саланы жетілдіру. Шараға елімізден және әлемнің 8 елінен 250-ден астам медицина қызметкері қатысып жатыр. Екі күндік шарада спикерлер алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетудің негізгі тәсілдері туралы айтып, ғылыми негізделген акушерлік практикадағы халықаралық тәжірибелерімен бөліседі. Бүгінде елімізде 9000-нан астам акушер жұмыс істейді. Жиын барысында сала үздіктері марапатталды.

Шәкизат Халықова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Аналар денсаулығын қорғау басқармасының басшысы:

Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам нәресте дүниеге келеді. Әрбір нәрестенің дүниеге келуіне қолайлы жағдай жасауда акушерлердің сіңіретін еңбегі зор. Жергілікті ауылдық мекендердегі акушерлердің санын арттыру, ондағы қызмет етіп жатқан акушерлердің біліктілігін арттыру біздің көздеп отырған мақсатымыз. Бүгінгі таңда сол акушерлердің жалақысын салыстырмалы түрде жоғарылату керек екендігін көздеп отырмыз.

Айнұр Шындәулетова, Түркістан облысы Сарыағаш ауданының жоғары санаттағы акушері:

Мен 20 жылдан бері осы салада еңбек етіп келемін. Жүкті және жүктілікті жоспарлау жөніндегі әйелдермен біз тығыз жұмыс істейміз. Сол еңбегімізді елеп-ескеріп министрлік қолынан марапат алып жатырмыз. Жылына 5-6 мың жүкті әйел есепке алынады. Мұндай іс-шаралар расыменде біздердің біліктілігімізді арттырады.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу