Ғалымдар: Лондондағы су тасқындары қайталана беруі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалымдар: Лондондағы су тасқындары қайталана беруі мүмкін

09.04.2024

Британ ғалымдары Тұманды Альбиондағы су тасқындары қайталана беруі мүмкін деп ескертеді. Елдегі дүлей дауылдар кезінде жиі болатын жауын-шашын өзендерді толтырып, қауіп төндіре береді. Осы елдегі тілшіміз Марина Бекенова тарқатып айтып береді.

Иан ақсақалдың 40 жылға жуық тұрған үйінің сау-тамтығы қалмаған. Топан су санаулы секундтардың ішінде баспанасының астан-кестеңін шығарған.

Иан Стюарт, тұрғын:

2002 жылы да осындай жағдай болды. Ол кезде мен 20 жасқа жас едім, қауқарлы едім. 10 айдың ішінде қайта қалпына келтіре алдық. Ал қазір қартайдым. Кемпірім екеуміздің енді әліміз келмейді.

Cоңғы жарты жылда Ұлыбританияда 8 табиғат апаты орын алды. Хэнк дауылы кезінде желдің жылдамдығы сағатына 130 шақырымға жетіп, шатырлар құлады, ағаштар түп тамырымен жұлынды, жол қатынасы тоқтады. Мыңдаған үй су астында қалды. Ауа райын болжаушылар мұндай қорқынышты жағдайлардың қайталана беретінін айтады.

Майк Кендон, Метеорологиялық қызметтің аға ғылыми қызметкері:

Дауылдардың көбеюіне жаһандық жылыну себепші. Өкінішке қарай, болашақта мұндай табиғи апаттардың талайын көреміз.

Ғалымдар жаһандық жылынуды есепке ала отырып және оған бейімделе отырып, әрекет ету керек дейді. Әсіресе, инфрақұрылымдарымды жоспарлауға келгенде оларды нығайту мәселелерін басты назарда ұстау қажет.

Марина Бекенова, тілші:

Жағдай алаңдатарлық! Ауа райының аномалияларын алдын алу үшін кезінде ковидпен күрескендей су тасқындарына да ұлттық деңгейде қарсы тұру керек. Үкімет ескертулерге құлақ асады деп үміттенеді ғалымдар.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу