Нью-Йорк көшелерін су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорк көшелерін су басты

09.07.2021

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында нөсер жауын төпелеп, көшелерді топан су басты. Тасқын метро станцияларына дейін жетіп, жолдарда көлік қозғалысы қиындап отыр.

Қала әкімшілігі тұрғындарды мүмкіндігінше үйден шықпауға шақырды. Өйткені ауа райын бақылаушылар жауын әзірге тоқтамайтынын болжап отыр. Сонымен қатар бұл аймаққа алдағы күндері «Эльза» тропикалық дауылы соққы беруі мүмкін. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу