«Охотзоопром»: БҚО-да 900-ге жуық киік өлген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Охотзоопром»: БҚО-да 900-ге жуық киік өлген

14.04.2024

Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысындағы «Мұратсай» су қоймасы маңынан киік өлекселері табылғаны туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты, «Охотзоопром» мамандары мәлімдеме жасады. Онда шамамен 800-900 бас киіктің өлгені жазылған. Қазір табылған киік ұшаларын судан шығарып, жинастырылып жатыр. Оған 30 адам, 11 техника және 2 қайық жұмылдырылған. Хабарламада мұндай жағдай жыл сайын қайталанатыны жазылған. Бір жыл ішінде киік бірнеше рет су арқылы ауады. Дәл осы кезде үркек жануар бір-бірін таптайды. Негізінен аналықтары мен жас төлдері жаншылып қалады, - делінген хабарламада. Жағдай қайталана бермес үшін су қоймасының маңында киік жүретін өткел салу көзделіп отыр.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу