Ақтөбе облысында материалдық шығындар есептеліп жатыр
Ақтөбе облысындағы үш ірі су қоймасының деңгейі қалыпқа келді. Аймақ әкімі орынбасарының айтуынша, қазір қауіп жоқ. Су тасқыны салдарынан 27 елдімекеннің 700-ге жуық абоненті жарықсыз отыр. Оның 500-іне қуат беретін уақытша генератор қойылған. Қазір осы жұмыстар бойынша 16 бригада 12 бағытта жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, 206 адамға бір реттік әлеуметтік төлем тағайындалған. Зардап шеккен тұрғындарға 300 тоннаға жуық көмек жиналыпты. Оның 215 тоннасы мұқтаж адамдарға таратылды, деді Асылбек Есенбаев.
Асылбек Есенбаев, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары:
Зақымданған үй-жайлар бойынша су тасқынының салдырынан облыста 1087 тұрғын үй, 47 ғимарат пен құрылыстар, 232 аула, 852 саяжай үйлері зақымданған. Су тасқыны салдарынан келген материалдық шығындарды есептеу мақсатында әр ауданның жеке комиссиясы жұмыс істеп жатыр. 2652 өтініш қабылданып, бағалау жұмыстары жүргізілуде.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09