Алматыдан Атырауға қосымша рейстер ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдан Атырауға қосымша рейстер ашылады

08.04.2024

Алматыдан Атырау қаласына және кері бағытта қосымша рейстер ашылады. Бұған су тасқынына байланысты екі қала арасында қатынайтын жолаушы санының артуы себеп, - дейді Air Astana компаниясының өкілдері. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 сәуірде Airbus A321 ұшағымен қосымша 2 рейс шығады. Яғни, Алматыдан Атырауға сағат 17.00-де ұшса, кері рейс 21:15-те. Сондай-ақ әуе компаниясы волонтерлер ұйымынан көмек көрсетуге баратын азаматтарды тасымалдауға өтініш қабылдай бастаған.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу