Дохада өтетін дзюдодан Әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімі жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дохада өтетін дзюдодан Әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімі жарияланды

18.04.2023

Қатар астанасы Дохада өтетін дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың тізімі жарияланды. Бұл Олимпиада алдындағы соңғы жарыс. Мамырдың 7-і мен 14-і аралығына жоспарланған әлем біріншілігіне баратындар оқу-жаттығу жиынын пысықтап жатыр. Ерлер арасында 10 спортшы ел намысын қорғайды. Олардың қатарында Елдос Сметов, Жансай Смағұлов, Данияр Шамшаев, Дидар Хамза сынды олимпиада және әлем чемпиондары мен жүлдегерлері бар. Қыздар арасында тоғыз дзюдошы лицензия үшін бар күшін салады. Қатысушылар сапында Әбиба Әбужақынова, Камила Берліқаш сынды мықтылар бар.

 Данияр Асылбек

Хабарламаларға жазылу