Волонтерлықты дамытудың жаңа жол картасы жасалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Волонтерлықты дамытудың жаңа жол картасы жасалады

21.06.2023

Волонтерлықты дамытудың жаңа жол картасы жасалады. Мемлекет басшысы халықаралық волонтерлер форумында осындай құжат әзірлеуді ұсынды. «Бұл осы салаға қуатты серпін беріп, оның алдағы жылдардағы бағытын айқындауға тиіс деді», - Президент. Әрі волонтерлық қызметті қоғамда берік тамыр жайғанша жалғастыра беруді тапсырды. Бұдан бөлек, волонтерлық пен қайырымдылық жұмыстың есептілік жүйесін енгізу керегін айтты. Бұл бастама заңнама деңгейінде ынталандырудың тиімді тәсілдерін енгізуге көмектеспек. Жалпы Қазақстанда еріктілер қызметі жан-жақты дамып келе жатыр. Олардың еңбегі әрдайым жоғары бағалануы тиіс. Осылай деген Президент елімізде «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы белгіленгенін жеткізді. Бұл марапат белсенді еріктілерге беріледі. Сонымен қатар ерен еңбегімен көзге түскен еріктілер жыл сайын «Шапағат» медалімен марапатталады. 


Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу