Павлодар облысында 4 елді мекенмен көлік қатынасы үзілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 4 елді мекенмен көлік қатынасы үзілді

03.04.2024

Қарғын судың салдарынан Павлодар облысы, Ертіс ауданы аумағында республикалық автөкөлік жолы жабылды.

Әзірге "Атамекен-Русская Поляна" бағытындағы төрт елді мекенмен Ертіс ауданы орталығы арасында транспорттық көлік қатынасы үзілді. Ұзынсу ауылын тасқыннан аман алып қалу үшін бүгін таңғы 8.00 де асфальт жол бұзылып, жыра жасалды. Ертіс, Железинка аудандарында қар жаңа еріп жатыр. Күн күрт жылыса тасқын күшейеді деген қауіп бар.

Хабарламаларға жазылу