Енді дрондарды ұшырудың жаңа ережесі күшіне енеді
Енді дронның кез-келген түрі есепке қойылады. Бұған дейін салмағы 250 граммға дейінгі пилотсыз ұшу құралдары есепке алынбайтын. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бұған тұрғындардың жеке өмірінің қауіпсіздігі үшін барғандарын айтады. Жаңа заңға сай дрон қолданушылары елді мекендердер мен аэродромдардан алыс аумақтарды рұқсатсыз түсіре алады.
Ал, қалалар мен ерекше қорғалатын аймақтарды түсіру үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, аймақтық әуе қоғалыс бақылау орталығы сынды бірнеше мекемеден рұқсат алу керек. Ережеге бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Владимир Кошманов, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ұшқышсыз авиациялық жүйелері департаментінің директоры:
Бұл өзгерістер былтыр қабылданған. 2023 жылдың соңында күшіне енді. Дегенмен, жаңа ережелерден көпшілік бейхабар. Айта кету керек егер сіз елдімекендерден алыс аумақтарды түсіргіңіз келсе және дроныңыздың салмағы 1,5 келіден аспаса ешкімнен рұқсат алудың қажеті жоқ. Ал, қалаларды, тыйым салынған аумақтарды түсіру үшін арнайы лицензия керек. Жаңа заңмен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің ресми сайтында немесе Телеграм желісіндегі «Дроны Казахстана» арнасында таныса аласыздар.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоғамның жемқорлықтан жаппай жиренуіне қол жеткізуіміз қажет»
25.11.2026, 10:51
Азаматтар конституциялық құқықтарын қорғауда белсенді
25.11.2026, 10:13
Чилиге алғаш рет барған Димаш Құдайбергенді жанкүйерлері қарсы алды
25.11.2026, 10:12
Қоқысты сұрыптау – таза болашаққа қадам
25.11.2026, 10:12
Қоңыр аю саны 27 пайызға көбейді
25.11.2026, 10:11
Полицейлер 38 бас жылқыны аман алып қалды
25.11.2026, 10:10
Ғалымдар обырды емдеудің жаңа жолын зерттеп жатыр
25.11.2026, 10:09
Президент «Халықтық құрылыс» бойынша мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 10:08