Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті
Елімізде тағы да ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, наурыз айында бұл көрсеткіш 48 692 теңге болған. Мамандардың есебінше, қазақстандықтар азық-түлікке – 26 781 теңге, ал басқа да тауарлар мен ақылы қызметтерге – 21 911 теңге жұмсауы керек. Теория жүзінде бұл ақшаға бір айға жететін азық-түлік себетіне кіретін өнімдерді сатып алуға болады. Ең төменге күнкөріс деңгейінің көлемі бойынша Маңғыстау облысы көш бастап тұр. Бұл өңірде ол – 59 404 теңгеге жеткен. Ал, ең төменгі көрсеткіш Ақтөбе облысында тіркеліп, 43 611 теңгені көрсетіп отыр. Ал, минималды қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін Астанада – 53 173 теңге, Алматыда – 51 615 теңге, Шымкентте 48 545 теңге керек.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тараз қасындағы Қарахан кесенесінің аумағын тазалады
14.09.2026, 13:27
«Жоғалған есім»: Жаңа отандық телехикая көрсетіле бастайды
14.09.2026, 13:24
БҚО жастары мерзімді әскери қызметке аттанды
14.09.2026, 13:21
Еуропада велосипедке сұраныс көбейді
14.09.2026, 13:18
Таиланд визасыз жүру мерзімін 30 күнге дейін қысқартты
14.09.2026, 13:15
Anthropic компаниясы ЖИ-дің дамуын баяулатуға шақырды
14.09.2026, 13:12
Сауд Арабиясы негізгі құбырын іске қоспаса, экспортқа арналған мұнай қоры таусылады
14.09.2026, 13:09
СҚО-да банкроттыққа өтініш берушілер көбейді
14.09.2026, 13:06