Батыстағы Подстёпное ауылының эвакуациялық орталығында 88 адам тұрып жатыр
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы Подстёпное ауылына су жайылып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Ауылға су даладағы сай-саладан келіп жатыр. Мәметова атындағы Орал халықаралық әуежайына апарар жол уақытша жабылды. Эвакуациялық орталық аудандық колледжде орналасқан. Кеше бұл жерге 96 адам түнеген, олардың 36-сы бала. Қала жақын болғандықтан, туыстарына кетіп жатқандар бар. Қазір нақты 88 адам тұрып жатыр. Жалпы колледжде 100 орын дайындалған. Эвакуациялық орталыққа кәсіпкерлер, волонтерлар, «Аманат» партиясының өкілдері ыссы тамақ, азық-түлік, керек-жарақ әкеліп жатыр.
Сұлушаш Бақтиярова, Подстепное ауылының тұрғыны:
Группасы бар арнайы, сонда шақырып, айтып, трактормен алып кетті бала-шағамызды. Осында орналастырды. Бүкіл керек-жарағымызды беріп жатыр.. Тамағымыз уақытылы, балаларымызға киімдер, памперстер, бәрін беріп жатыр.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиада: Қазақстандық атлеттер спорттың 5 түрінен бақ сынайды
17.02.2026, 20:54
Софья Самоделкина мұз айдынына шығады
17.02.2026, 20:53
Кіші Арал: «Көкарал» бөгеті 2 метрге көтеріледі
17.02.2026, 20:50
Алтын өндірісі цифрландырылып, өнім көлемі ұлғайды
17.02.2026, 20:48
АҚШ-Иран келіссөзі аяқталды
17.02.2026, 20:47
Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі
17.02.2026, 20:44
Жаңа Конституция жобасына еуропалық сарапшылар үн қосты
17.02.2026, 20:42
Жаңа Конституция жобасы ғылыми ортада сараланды
17.02.2026, 20:40