Алматыда қатты жел соғып, бірнеше аудан жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қатты жел соғып, бірнеше аудан жарықсыз қалды

28.03.2024

Алматыда дауылды ескерту жарияланды. Кешке қарай шаһарды шаңды боран басып, арты нөсер жауынға ұласты. Дауыл бастала салысымен қалада көлік кептелісі болып, кешкі алты шамасында оның деңгейі 10 балға жетті. Өйткені жол көрінбей қалды. Желдің күштілігі сонша, кейбір ғимарат жер сілкінісі болғандай теңселген. Кейбір ауданда жарық өшті. Қазір ақау жөнделіп жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қаланың төтенше жағдайлар департаменті мен азаматтық күштік құрылымдар жұмылдырылып, арнайы әрекет ету тобы құрылды. Әзірге 112 нөміріне ешкім қоңырау шалмаған. Зардап шеккендер жоқ. Ал, әуежайдың баспасөз қызметі рейстер кешіктіріліп жатқанын хабарлады. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуге көшті.


Хабарламаларға жазылу