Павлодарға «Бактицид» препаратының алғашқы 60 тоннасы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарға «Бактицид» препаратының алғашқы 60 тоннасы жеткізілді

26.03.2024

Павлодарға шыбын-шіркейге қарсы қолданылатын «Бактицид» препаратының алғашқы 60 тоннасы жеткізілді. Аймақта зиянкестермен күрес жылдағыдан ерте басталмақ. Қар кетісімен үш бағыттан, яғни, әуе, құрлық және су арқылы дезинсекция басталады.

Еліміздің шығысындағы су қоймалары биылғы көктемде Ертіс өзеніне 6 млрд текше метр су жібереді. Бұл өткен жылғыға қарағанда 50%-ға артық. Алқаптарға судың мол жайылуы қансорғыштармен күрестің тиімділігін арттырады. Бұны көп жылғы тәжірибе дәлелдеп отыр. Сондықтан өңделетін алқаптардың аумағы 127 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Бұл былтырғыдан 55 мың гектарға көп.

Қанат Ахметов, Шыбын-Шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстарға жауапты ғылыми топ жетекшісі:

Су көп болғанда әрине масаның өніп шығатын жерлері көп болады. Яғни, ауқымы көп болады. Осыған байланысты әрбір алқапты зерттеу керек. Содан соң дернәсілдерін анықтау керек. Бұл енді ғылыми топтың жұмысы. Биыл жұмыстар күрделі жүретін түрі бар, былтырғыға қарағанда.
Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу