Шымкентте ұлттық спорт сайысы мен тазылар көрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте ұлттық спорт сайысы мен тазылар көрмесі өтті

20.03.2024

Шымкентте Наурыз мерекесіне орай ұлттық спорттың 9 түрі бойынша сайыс өткізілді. Сонымен қатар қазақы құмай тазылар көрмесі ұйымдастырылды. Оған мегаполис пен көршілес Түркістан облысынан 60-қа жуық ит қатысты. Көрме барысында Қазақстан кинологтар одағының сарапшылары тазылардың түр-тұлғасына баға беріп, құжаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Бұл құжат келешекте иттердің әлемдік деңгейдегі сайыстарға қатысуына мүмкіндік береді,-дейді ұйымдастырушылар. Қала жұртшылығы бүгін сондай-ақ атшабарда, бәйге, көкпар, қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ, жамбы және садақ ату жарыстарын тамашалады. Атбегілер мен шабандорздар арғымақтарын 14 шақырымдық аламан бәйге мен көкпардың тартысында сынға салды. Спорт мектептерінің шәкірттері жамбы мен садақ атуда мергендіктерін көрсетті.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу