Мемлекет басшысы бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Оның ішінде Мысыр Араб, Сербия, Люксембург, Австралия, Колумбия, Сирия Араб Республикасының елшілері бар. «Ақорда» резиденциясындағы жиында әуелі Мемлекет басшысы дипломаттарды еліміздегі миссияларының ресми басталуымен құттықтап, Қазақстанның бейбітсүйгіш әрі конструктивті сыртқы саясат ұстанатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге табыс тілеп, оларға міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Үкіметі тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Біз барлық елмен, ең алдымен, көршілес мемлекеттермен тығыз ынтымақтастық орнатып, жақсы қарым-қатынас жасағымыз келеді. Бұл жолдың табысты болатынына сенімдімін. Біз әртүрлі бағытта, соның ішінде экономика, инвестиция салаларында және саяси диалог тұрғысында ықпалдастықты нығайту үшін қолдан келген шараның бәрін жасаймыз. Қазақстан сіздердің халықаралық аренадағы сенімді серіктестеріңіз болатынына сендіргім келеді.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18