Жошы әулеті 6 ғасыр бойы Орталық Еуразияның тағдырына тікелей ықпал етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жошы әулеті 6 ғасыр бойы Орталық Еуразияның тағдырына тікелей ықпал етті

17.03.2024

Биыл Жошы ұлысының негізі қаланғанына 800 жыл толды. Бүгінгі жиынымыз да осы мерейлі белеске тұспа-тұс келіп отыр. Жошы ұлысы Қазақстанның мемлекеттілік дәстүрінде айрықша орын алады. Еліміздің өткені, бүгіні мен болашағы оның тарихи мұрасымен тығыз астасып жатыр. Ендеше, Алтын Орда туралы халықаралық аренадағы түсінік Қазақстанмен тікелей байланысты болуы керек, – деді Президент. Ұлттық Құрылтайда. Жошы хан туралы тарихи драма жазған белгілі жазушы-драматург Думан Рамазанның мына пайымына тоқтала кетсек:

 Жошы ұлысы – қазақ хандығының бастау бұлағы! Бір елді екінші ел басып алып, билік жүргізсе, сол басқыншы елдің атымен атау, сол жатжұрт¬тықтардың елі деп қарау мүлде дұрыс емес... Мысалы, Шыңғыс хан Қытайды басып алып, қалауынша билеп-төстеді. Сонда Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары билік жүргізді екен деп, Қытайды «Моңғол елі», «Моңғолдар» деуге бола ма?! Соңында олардың ұрпақтарының өзі қытайға сіңіп, қытайланып кет¬ті. Сондықтан Жошы ұлысына да осы тұрғыдан қараған абзал... Жошы – қазақ хандарының түп атасы. Жошы құрған мемлекет – бүгінгі Қазақстан. Жошы ұлысы –протоқазақ мемлекеті. Жошы ұлысы мен Алтын Орданың құрылуы – қазақ мемлекет¬тігінің бастауы... Жошы ханның ұрпақтары осы өздері иелік еткен ұлан-ғайыр Қазақ даласын ешкімге жалтақтамай, емін-еркін, жеке-дара биледі. Өз алдына тәуелсіз мемлекет¬тің іргетасын қалап, негізін салды. Жошының дербес мемлекет құру идеясын оның ұлдары мен немерелері өте сәт¬ті жалғастырды. Берке ханнан бастап Жошы ұлысы мүлде тәуелсіз мемлекетке айналды. Қазақ ұлт болып ұйысты. Ал біз әлі күнге дейін ғылыми еңбектерде «моңғолдар», «моңғол әскері» деп жазып келеміз. Беркені «моңғол» атап, оның әскерін «моңғол әскері» деп жазуға әсте болмайды. Себебі олардың ұрпақтарының өзі кейіннен қазақ болып, қазаққа сіңіп кет¬ті. Қазақстанның қазіргі халқы аспаннан түскен жоқ, сол дәуірлерде өмір сүрген адамдардың ұрпақтары.

Ұлттық құрылтай тарихымызды мүлде жаңаша пайымдайтын- пайымдай келе өзімізді түпкілікті танып, айқындап алып, әрі қарайғы көште мінезіміздің қай жерін жөндейік, неден құтылайық, қандай білім алайық, неге басымдық берейік деген сияқты экзистенциалды сауалдарға жауап іздейтін алаң сияқты. Кейбіріне Данияр Қайыртай тоқталады.


Хабарламаларға жазылу