Биыл бақылау камерасы арқылы 96 мың заң бұзу фактісі анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл бақылау камерасы арқылы 96 мың заң бұзу фактісі анықталған

15.03.2024

Елімізде «Digital Police Day: «Заң мен Тәртіпті» цифрлық шешімдер арқылы қамтамасыз ету» тақырыбында форум өтті. Онда полицейлер жұмыс барысында заманауи технологияларды қалай қолданатыны баяндалды. Жалпы, елімізде 1 млн 318 мың бейнекамера жұмыс істейді. Жыл басынан бері сол камералардың көмегімен 96 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Бұдан бөлек, полиция байланыс операторларымен бірлесіп, ауыспалы нөмірлерден жасалатын қоңырауларға техникалық тосқауыл қойды, соның арқасында 44 миллионнан астам қоңырау бұғатталды.

Нәтижесінде зардап шеккендердің санын 2,5 есеге қысқартуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, елден тыс жерге шығарылғалы жатқан шамамен 246 млн теңге бұғатталды және 850 млн теңге сомасына залалды өтеу қамтамасыз етілді.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу