Алматыда 8 күнде «Сергек» камералары 42 миллион теңгеге жол ережесін бұзу фактілерін тіркеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 8 күнде «Сергек» камералары 42 миллион теңгеге жол ережесін бұзу фактілерін тіркеді

09.01.2020

Алматыда жаңа жылдан бері іске қосылған «Сергек» камералары 42 миллион теңгеге 2564 жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін тіркеді.

Полицейлердің сөзінше, жүргізушілер көбінесе жылдамдықты шамадан тыс асырған. Сонымен қатар көлік иелері арнайы белгілер мен жолақтарға баса назар аудармайды. Қазір қала көшелерінде 2300-ден астам бақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Ал оның 400-і «Сергек» камерасы. Сондықтан мамандар жол ережесін қатаң сақтау қажеттігін айтады.

Бауыржан ЖАҚСЫМБЕТ


Хабарламаларға жазылу