Алматыда 1100-ден астам ереже бұзу фактісі анықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 1100-ден астам ереже бұзу фактісі анықталған

12.01.2021

Алматыда карантин талаптарының сақталуын қадағалайтын мониторингтік топтар соңғы үш айда 7 мыңға жуық кәсіпкерлік нысанды тексерген. Соның ішінде 1100-ден астам ереже бұзу фактісі анықталған. Тексеру нәтижелері бойынша мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Әрі заңды тұлғалар 77 млн теңгеден астам, ал жеке тұлғалар маска тақпағаны үшін 30 млн теңге көлемінде айыппұл төлеген. Жыл басынан бері 72 мәрте тексеру ұйымдастырылып, 524 нысан қамтылды. Олардың 16-сы, яғни 3 пайызы ережені елемеген. Айта кетейік, мегаполисте коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 20 мыңға жуықтап, ахуал ушығып барады.   


Хабарламаларға жазылу