2023 жылы қазақстандықтар интернет алаяқтарға 21 млрд теңге аударған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2023 жылы қазақстандықтар интернет алаяқтарға 21 млрд теңге аударған

10.03.2024

Киберқауіпсіздік және кибералаяқтық. Киберқауіпсіздікке қатысты мәселелердің бәрін қамту мүмкін емес. Адамның мәліметі ұрлануынан және қорғаныш функцияларының түккке тұрмайтынынан да тарайтын кибералаяқтық сияқты әл бермей бара жатқан проблемаға тоқталғымыз келіп тұр. Бұл өте актуальді, өзекті. ІІМ есебінше, 2022 жылы қазақстандықтар интернет алаяқтарға 16 млрд теңге аударған. Былтыр 21 млрд- сұмдық енді. 

БҚО полиция департаментінің мәліметінше, өткен ақпан айында ғана Бөрлі ауданының полиция бөліміне 70 жастағы Ақсай тұрғыны жүгінген. Оны алаяқтар сазға отырғызып кеткен. Ер адамға WhatsАрр мессенджеріне қоңырау шалып, өзін Ұлттық Банк қызметкерімін деп таныстырып, оның ақшасын депозиттерде сақтау сылтауымен 100 млн теңге аударуды сұраған. Әлгі кісі аударған... 

Кибералаяқтар неге күшейіп кетті? Қандай айла қолданады? Оларды ауыздықтау мүмкін бе? Мемлекет ол үшін не істеп жатыр? Азаматтардың өздері неге мән беруі керек? Айтпақшы жақында жақын танысымнан хабарлама түсті – осындай да, осындай, тоқшәйнек құлап кеткен балаға көмектесу керек деген. Шынымды айтайын, ақша сала жаздадым. Тіпті банк қосымшасындағы қаржы аудару функциясын аштым да. Алайда интуиция «шамы» жарқ етті де, өзімен хабарласайын деп жазсам, жауап бермейді. Алаяқтар екенін сездім, артынша ақша аудармауымды сұрап хабарлама келді. Сонда танысымның сыртынан уотсап қосымшасындағы аккаунтын иемденіп алған ғой. Ол оны білмейді де.  Амангелді Сейітхан материал дайындады.

Марғұлан Сейсембай алданып қалған азаматтардың ақшасын қайтарып жатыр». Мына бейнежазбаны көрген адам солай ойлауы мүмкін. Бірақ,бұл оның атын жамылғандар әрекеті. Оны кәсіпкер инстаграммға жариялап, халықты сілтемеге кірмеуге шақырды. Жалпы, жасанды интеллект дамыған сайын интернетте алаяқтардың да түрі көбейді.Тіпті, оларға қарапайым адам түгіл солармен күресетіндер де алданып жатыр.

Олжас Сәтиев, Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының басшысы:

Киберқауіпсіздік бойынша белгілі маман бола тұра мен де инстаграммнан пәтерді жалға алам деп 20 мың теңгемненайырылдым. Бірақ, арыз жазбадым. Менің ойымша, біздің азаматтардыңкөбі 20-30 мыңға алданса, шағымданбайды. Ал, егер сол азаматтар дер кезінде арызданса, алаяқтардың жұмысын қиындатуға болар еді.

Сондықтан, азаматтардың қанша теңгесінен қағылғаны белгісіз.

Ішкі істер министрлігі дерегінше былтыр киберқылмыстан қазақстандықтар 21 млрд теңгеге шығындалған. 99% интернет-алаяқтық.

Бірақ бұл полицияға хабарласқандар. Ал «жарайды» деп қоя салатындар қанша. Одан бөлек, азаматтар полицияға кеш хабарласады екен.

Дастан Қалиев, Қалалық криминалдық полиция басқармасының бастығы:

Сол күні арызданбайды. Бірнеше уақыттан кейін келіп бізге арызданады. Кейін келген кездебірнеше банктің шотына түседі. Сосын ол тағы да аударады басқасына, үшіншісінде криптовалютаға ауысады.

Ал криптовалютаға айналған ақшаны қайтару мүмкін емес. Өйткені, ол заңмен толық реттелмеген.

Айнұр Қалданова, интернет алаяқтың құрбаны:

РОВД маған ондай мошенниктерді ұстамаймыз, ұстау қиын, ұстаған емеспіз деп өзіңіз төлейсіз деп жауап береді.

Айнұр Қалдановаға «көмектесем» деп белгісіз біреухабарласқан. Жеке куәлігінжібертіп, сыртынан 4,5 млн теңге алған.

Айнұр Қалданова, интернет алаяқтың құрбаны:

Мен сондай алаяқтарды іздейтін агентствадан хабарласып тұрмын. Мен «Алтын банктің» қызметкерімін деп айтты. Содан кейін маған ешкімге айтпаңыз бұл туралы, үйдегілерге айтпаңыз ертең сізге сағат 11-де тағызвондаймыз деді.Сонымен мен күдіктене бастадым. Сонымен колл-центрге звондап едім «Алтын банктен». Маған біз уже сіздің атыңызға счетка ақша онлайн жіберіп қойдық деді. Бірақ, мен «Алтын банктен» ешқашан счет ашпағам, мұндай банктің барын да білмегем.

Ол 80 мың теңге айлықпен 4,5 млн теңгені банк оффлайн да бермес еді. Өйткені, айына 74 мың төлеу керек. Сонда мұны қалай рәсімдеген деп таң қалады.

Айнұр Қалданова, интернет алаяқтың құрбаны::

Банкке барсам кім рәсімдегені бәрібір бізге сіз төлеңіз деп отыр. Тек қана айтатыны, біз мобильді-сандық банкпіз. Онлайн жібере береміз деген.

Дәл осылай алмаған несиені өтеп жүргендер көп. Сондықтан, кей депутат алаяқтар алған несиені банктер мен байланыс операторлары төлеуі керек,-дейді.

Магеррам Магеррамов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Екінші деңгейлі банктер мен байланыс операторларының инфрақұрылым жүйесінде қылмыскерлер қитұрқы әрекет жасап жатыр. Сол себепті, алданған адамның қарызын банк пен оператор өтеуі тиіс. Сол кезде олар әр несиеге жауапкершілікпен қарар еді.

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Қазір банктер несие беруді «қарапайым қосымшалар мен смс-ке»сеніп тапсырған. Кейбір банк Фейс-Айди де сұрамайды. Ал, бұрын суретке түсіретін. Менің ойымша, банк қызметкері несие алыпжатқан адамға хабарласып, соның өзі екенін тексеруі тиіс.

Бұл ұсыныстар жүзеге аса ма? Белгісіз. Ал, қаржы нарығын реттеу агенттігі Ұлттық банк базасында «антифрод» жүйесінқұрмақшы.Ол күдіктілермен алаяқтық операциялар туралы деректерді өңдеп,өтірік операцияларды алдын ала блоктауға мүмкіндік береді.Бірақ, ол алаяқтарды қаншалықты тежейтіні белгісіз. Депутат Жарқынбек Амантай күрестің бір жолы ретінде SIM-картаны шектеп сатуды ұсынды. Цифрлық даму министрлігі өкілі байланыс операторларымен ақылдасу керек,-деді.Бірақ...

Жарқынбек Амантай, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты:

Менің түсінбей отырғаным, біз операторлардан неге ақыл сұрауымыз керек. Ұсыныс, халықтың млрд-тап зардап шегіп отырғанын көріп отырмыз ғой. Әрине, олар жаңағы симкартаны сату үшін оларға тиімді. Олар сол үшін қарсы. Ал, жаңағы Фейс-аидидан өту керек дейсіз.Қазір жасанды интеллектпен адамның түрі ғана емес дауысын, басқа қасиеттерін көрсете сату білікті айтишниктарға түкке тұрмайды.

Оған мысал көп. Одан бөлек, қазір алаяқтардан ақшаңыздықайтарып береміз деген жарнама да жетерлік. Сайт таашып қойған. Ішіне кірсеңіз өзіңіз туралы деректісолардың қолына өзіңіз бересіз.

Бауыржан Жасболатов, Криминалдық полиция басқармасы киберқылмыспен күрес бөлімінің аға жедел уәкілі:

Әр күнде әрқалай шығарып отырады. Мысалы, қазір абоненттік номеріңіздің срогы өтіп кетті деп звондайды. Қазір келген смс-ты бізге айта қойыңыз деп, оны айтқан кезде олар онлайн банк карталарыңызға қол жеткізуі мүмкін.

Иә, алаяқтардың тәсілдері күн сайын өзгеріп жатыр. Ал, олармен күресуге тиісті мамандардың халі қалай.Астанада былтыр «Cyberpol» арнайы бөлімі ашылған.Жұмыстың нәтижесін сұрадық.

Дастан Қалиев, Қалалық криминалдық полиция басқармасының бастығы:

2023 жылы 4 мыңнан астам арызданды адамдар. Қазіргі уақытта 768 қылмыс ашылды.

Яғни, қылмыскерлердің төрттен біріғана құрықталған. Өйткені, қылмыс көп. Техникалық жағынан да, шеберлік жағынан да алаяқтар алда.

Айдос Рысбаев, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

Мықты АЙТИ маманды полиция қызметінің айлығына бізге жұмысқа тарту өте қиын. Ешкім келмейді. Жедел уәкілдің, тергеушінің айына табылған айлық ақшасын бір аптаның ішінде олар табады. Сондықтанда оларды біздің жұмыс қызықтырмайды.

Аманкелді Сейтхан, тілші:

Соңғы 7 жылда киберқылмыс10 есе көбейген. Ал биыл қаңтардың өзінде 3700 дерек тіркеліпті. Бұл былтырғыосы кезеңмен салыстырсақ 17 пайызға көп. Негізі, киберқылмыскерлердің көбі шетелдік.Сондықтан мамандароларды ұстау үшін 69 елмен түрлі келісім жасалып жатқанын айтты. Нәтижесін уақыт көрсетер. Ал оған дейін «өзіміз сақ болмасақ» басқа жол жоқ сияқты.

Аманкелді Сейтхан

Хабарламаларға жазылу