Елімізде интернет-алаяқтық 10 есе өскен
Елімізде интернеттегі алаяқтық соңғы 7 жылда 10 есеге өскен. Бұл қылмыстан келген залал – 21 млрд теңге. Парламент мәжілісіндегі жиында ішкі істер министрінің орынбасары Айдос Рысбаев осындай ақпаратпен бөлісті. Биыл үш жарым мыңнан аса интернет-алаяқтық дерегі тіркелген. Бұл – жалпы қылмыстың 18 пайызы. Ал былтыр 3 мың 700 –ден аса қылмыс ашылып, қазақстандықтарға 850 млн теңге қайтарылды. Депутат Үнзила Шапақтың айтуынша, елімізде ІТ-полиция сияқты арнайы құрылым ашылуы мүмкін.
Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізген болатын. Онда киберқылмысқа баса назар аударылды. Сондықтан ІІМ-нен жеке құрылым бөлініп шығады деген ойдамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп Оңтүстік Кореямен арадағы әскери жаттығудың ауқымын қысқартуға бұйрық берді
17.08.2026, 20:35
Құрылтай сайлауы – демократиялық дамудың жаңа кезеңі
17.08.2026, 20:32
АҚШ-та 3 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
17.08.2026, 20:29
Шымкентте Шәмші шығармашылығы дәріптелді
17.08.2026, 20:12
Алматы облысында авиациялық мереке өтті
17.08.2026, 20:09
Үгіт-насихат науқанының соңғы аптасы басталды
17.08.2026, 20:07
Жаңаөзенде енді су тапшылығы жоқ
17.08.2026, 20:07
Сауалнама: Халықтың басым көпшілігі сайлауда дауыс беруге дайын
17.08.2026, 20:06