Жамбыл облысында 15 жылдан бері ауылдың жолы жөнделмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 15 жылдан бері ауылдың жолы жөнделмеген

04.03.2024

Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы ауылішілік жолдардың жағдайы күрделі мәселеге айналды. «Amanat» партиясының мүшелері Қызыл жұлдыз ауылында республикалық қоғамдық қабылдау өткізіп, жолға қатысты тұрғындар талабын тыңдады.

Аудан бойынша 43 елдімекеннің оннан астамының көшелері жөнделмеген. Оның ішінде 6 мыңнан астам тұрғыны бар Қызыл жұлдыз ауылы да бар. Үш негізгі көшенің жөндеусіз жатқанына 15 жылдан асқан. 4,5 шақырым жол үшін 170 млн теңгеге жуық қаржы қажет. Алайда соңғы екі жылда бюджеттік өтінімі қолдау таппай келеді. Жауаптылар биыл 7 ауылдың көшесін жөндеуге 828 млн теңге бөлінгенін жеткізді. Бұдан бөлек қабылдауға қайырылғандар ауылға спорт сарайы мен жаңа амбулатория салуды сұрады.

Шәрия Әбдіраманова, ауыл тұрғыны:

Міне 1-2 жылдың ішінде жолдардың бәрі жөнделеді деген жауап беріп отыр. Өте ризамыз, рахметімізді айтамыз. Қоғамдық осындай жиындар көп болса екен, басқа ауылдарға да, біздің ауылға да келіп тұрса халықтың жанайқайы азаяр еді.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу