Алматыда қабылдау бекеттеріне мыңнан астам адам жүгінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қабылдау бекеттеріне мыңнан астам адам жүгінді

04.03.2024

Алматыда метро жұмысын уақытша тоқтатты. Қала көшелерінде көлік кептелісі пайда болды. Осыған орай полиция күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Теміржол, әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Эвакуациялық қабылдау пунктеріне мыңнан астам адам жүгінген.

Әйгерім Ердәулет, тілші:

Жағдайды әлі тұрақты деп айта алмаймыз. Сейсмологтар 16:00-ге дейін қауіпсіз жерлерде болуға , яғни биік ғимараттарға кірмеуге кеңес берген болатын. Афтершоктар тіркеліп жатыр. Афтершок – әлсін-әлсін сезілетін толқындар жиынтығы. Қала әкімдігінің дерегінше көпшілік азаматтар қабылдау пунктеріне барған. Осы уақытқа дейін халықты қабылдау пункттерінде 1132 адам жүгінген. Алматыдағы аудан әкімдіктерінің ақпаратына сәйкес, қалада 384 қабылдау пункті ашылды: 229 мектеп және 115 балабақша, 15 ЖОО, 20 колледж және 5 стадион.

Қала бойынша 385 қабылдау пункі бар. 2 гис қосымшасына бұл пунктердің барлығы да енгізіліген, тек қана төтенше жағдай кезіндегі пункт деп жазсаңыз жеткілікті. Біз қазір нөмірі 95 пункке келдік. Мұнда адам қарасы аз.

Ғалия Серікбаева, №3 бөбекжай балабақшасының қызметкері:

Жалпы қалада жағдай әлі күрделі. Қала тұрғындарының бойында әлі үрей бар. Жер сілкінісінен кейін көшелерде ұзын сонар көлік кептелісі болды. Жұрттың көбі қаланың сыртына кетіп бара жатқан сияқты. Қазір қаладағы көлік қозғалысын бақылауға 120 жол сақшысы жұмылдырылған. Десе де кептеліс азаяр емес. Сол сияқты май құю бекеттерінде де жағдай ушықты. Жанармай құюға кезек пайда болды. Айта кетейін, дүмпуден кейін ғимараттарлың қабырғасы жарылған, кейір тұрғын үйлердің құбырынан ақау шығып, су сыртқа атқылап шыққан. Ал газ құбырларының ақауы туралы әзірге белгісіз. Ал қаладағы метро қозғалысы уақытша тоқтатылды. Ал теміржол, әуежай штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу