Түркістан облысына «Hayat-vax» вакцинасының 34 мың дозасы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысына «Hayat-vax» вакцинасының 34 мың дозасы жеткізілді

12.05.2021

Түркістан облысында тұрғындарға қытайлық «Hayat-vax» вакцинасы салына бастады. Өңірге бұл екпенің 34 мың дозасы жеткізілген. Жартысына жуығы аймақтағы ауруханалар мен екпе егу бекеттеріне таратылды. Мамандардың мәліметінше, күні бүгінге дейін 163 мыңнан аса адам вакцина алған. Халықтың екпе салдыруға қызығушылығы артқан соң, вакциналау пункттерінің де саны көбейген. Бұған дейін  80 медициналық мекемеде егу  жүргізілсе, қазір олардың қатары 102-ге жетіп отыр.

хаят вакс вакцина

Хабарламаларға жазылу