Алматыда екі автобус соқтығысып, 20 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда екі автобус соқтығысып, 20 адам зардап шекті

28.12.2021

Алматыда бағытта жүрген екі автобус соқтығысып, 20 адам зардап шекті. Жол-көлік апаты бүгін таңертең Тәтібеков пен Серпер көшелерінің қиылысында болған.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше №203-ші бағыттағы қоғамдық көлік жоғары жылдамдықпен жүйіткіп келе жатқан. Осылайша аялдамада тұрған №4 автобусты айналып өтпек болған кезде сол жағынан жеңіл көлік шығып қалады. Оны қағуды қаламаған жүргізуші тізгінге ие бола алмай бар екпінімен келіп алдындағы автобусты соққан баолуы мүмкін. Жарақат алған жолаушылардың көпшілігі дәрігер көмегіне жүгінді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша олардың жағдайы жақсы. Тексеруден кейін амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілген. Оқиғаның мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

Қазіргі таңда жолаушылардың арасынан онға жуық адам медициналық көмекке жүгінді. Олардың дене жарақаттарының деңгейін арнайы сараптама айқындайтын болады. Қазіргі таңда осы істі өз өндірісіне Медеу аудандық басқармасының қызметкерлері алды.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу