Қарағандыда  101 жастағы қарияға  операция жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда  101 жастағы қарияға  операция жасалды

05.04.2019

Қарағандыда 101 жастағы қарияға операция жасалды. Науқастың жамбас сүйегі сынған. Дәрігерлер жамбас пен ұршық арасын жалғайтын буынның орнына эндопротез салды. Әдетте, мұндай операцияны жасау үшін 70 жастан асқан қариялардың өзі ерекше бақылауға алынады екен.

Ал ғасыр жасаған пациенттерге бұл - үлкен тәуекел. Себебі асқынып, тіпті төсек тартып қалуы мүмкін,-дейді дәрігерлер.   Аяғын баса алмай қалған әжейдің оң жамбасы  омырылып кеткен. Жүрек қағысы мен қан қысымы және анализ сараптамалары оң нәтиже көрсеткен соң операция жасалған.

Нұрила әжей сәуірдің 13-ші күні ауруханадан шығып, жақындарымен қауішпақ. Кейуананың 6 баласынан тараған 30 шақты немересі, 60-қа жуық шөбересі және шөпшектері бар. Өзі осы күнге дейін іс тіккен. Ал жастық шағында тылдағы еңбекке араласып, партияның лауазымды  қызметтерін де атқарыпты.

Павел Салдин, аурухананың бөлім меңгерушісі міндетін атқарушы:

Біздің тәжірибемізде операция жасалған ең жасы үлкен қария 106-да болатын. Ол кісі де тез сауығып, жүріп кетті. Бұл өз кезегінде үлкен кісілердің жастайынан табиғи тамақты тұтынып, қимыл-қозғалысы көп болғанынымен де байланысты деп ойлаймын. Әжейдің де  жағдайы жақсы, операция сәтті өтті. Қазір арнайы сүйеніштің көмегімен жүріп-тұрады. Үш ай мұғдарында толық жазылады. 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу