Елімізде 572 мыңға жуық көпбалалы отбасы жәрдемақы алды
Қаңтарда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 572 мыңға жуық отбасы қамтылды. Оларға жалпы сомасы 38,1 миллиард теңге аударылды, дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері. Бұл жәрдемақыны 4 және одан да көп кәмелет жасқа толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар жанұялар табысына қарамастан ала алады. Мөлшері мынадай: ай сайын 4 балаға – 59 мың теңге, 5 балаға –73 мың теңге, 6 балаға –88 мың теңге, 7 балаға –103 мың теңге, 8 баладан көп болса – әр балаға 14 мың теңгеден беріледі. Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474 миллиард теңге қарастырылған.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09