Қасым-Жомарт Тоқаев «Шығыс-Сүт» корпорациясының өндіріс алаңын аралап көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев «Шығыс-Сүт» корпорациясының өндіріс алаңын аралап көрді

26.02.2024

Мемлекет басшысы «Шығыс-Сүт» корпорациясының өндіріс алаңын аралап көрді. Корпорация 100-ден астам тауар түрін шығарады. Бүгінде компания ауыл шаруашылығы өнімдерінің үлесін арттырып, экспорт көлемін ұлғайтуды көздеп отыр. Корпорацияның иелігінде 4 шаруашылық, соның ішінде сиырларды автоматты түрде саууға және жемдеуге арналған құрылғымен жабдықталған роботты ферма бар. Бұған қоса, кәсіпорын өнім шығару үшін өңірдегі 22 елді мекеннен сүт жинайды.

Хабарламаларға жазылу