Елімізге Илон Масктың Starlink қондырғысы жеткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге Илон Масктың Starlink қондырғысы жеткізілді

26.02.2024

Елімізге Илон Масктың Starlink қондырғысы жеткізілді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің парақшасында жариялады.

Министрдің сөзінше, әзірге елге Starlink қондырғысының 500 данасы әкелініпті. Ол Алматыға жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін келгенін айтқан. Ал келесі аптада Түркістан және Ақмола облыстарындағы мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады екен.

Бағдат Мусин 20 күннің ішінде бас-аяғы 2000 жинақ жеткізіледі деп отыр. Сол арқылы 2000 шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілмек.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу