Париж олимпиадасы: Жүлдеден үміт бар ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париж олимпиадасы: Жүлдеден үміт бар ма?

23.02.2024

Париж Олимпиадасы қазақстандық жанкүйерлер үшін интригаға толы болмақ. Өйткені, спортшыларымыз жолдамадан қағылып жатыр. Әзірге Франциядағы додада ел намысын қорғайтын 19 үкілеген үмітіміз бар. Үміт демекші, Олимпиадаға дейін 69 лицензиялық жарыс жоспарланған. Олимпиадаға дайындық штабының мүшелері: «Бәлкім, сіз бен біз күтпеген жағдай болып, спортшыларымыз тосын сый жасайтын шығар», дейді. Тіпті, олар жүлдеге ілігеді деген споршылардың тізімін де жасап қойыпты. Толығырақ әріптесім Асылбек Даниярдың материалында.

Париж Жазғы Олимпиадасы Қазақстанның Тәуелсіздік алғалы бері қатысқалы жатқан сегізінші байрақты бәсекесі. Ұлттық құраманың жалпы командалық кесте бойынша ең үздік көрсеткіші – 22-орын. Сиднейдегі дүниежүзілік жарыста атлеттеріміз 3 алтын мен 4 күміс еншіледі. Ал ең көп жүлдені Рио Де-Жанейрода жеңіп алды. Пандемияның салдарынан бір жыл кеш өткен Токио Олимпидасында қазақстандық спортшылардың айы оңынан тумады.Тарихта бірінші рет алтын медальсіз қайтты. Оған министрлік те спорт федерациялары вирусты кінәлады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан 14 алтын, 21 күміс, 36 қола – жалпы 72 медальмен 145 елдің ішінде елеуліктің қатарында. Айтпақшы, бұл медаль санын қоспағанда допинг дауына байланысты 10 жүлдені Халықаралық Олимпиада комитеті тартып алды.

Хош, енді лицензия санына тоқталсақ. Өткен жеті Олимпидада ең көп жолдама саны - 132 болса, азы - 93. Франциядағы ойынға 154 күн қалды. Қазір қоржында бар-жоғы – 19 лиценция.

Алда Парижге жолдама беретін 70-ке жуық жарыс бар. Министрлік өкілдері спорттың 25 түрінен 90-ға тарта лицензия ұтып алуды көздеп отыр. Айтпақшы, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Олимпиада ойындарына дайындық штабы құрылды. Штаб өкілдері жүлдеден үміткер 54 спортшының тізімін жасапты. Тіпті, оларға жан-жқты көмек көрсетіліп жатыр, - дейді штаб жетекшісі Елсияр Қанағатов.

Елсияр Қанағатов, ҚР ТСМ Ұлттық олимпиада комитеті спорт департаментінің басшысы, штаб жетекшісі:

Медаль алады деген спорт түрлерін айта кетуге болады, бокс, күрес түрлері. Жеңіл атлетикадан жақсы спортшыларымыз бар, спорттық гимнастика ақырғы жылдары жақсы нәтиже беріп жүр. Жаңағы нысана көздеуден де әлем чемпионаттарында жақсы нәтиже көрсеткен спортышларымыз бар.

Дегенмен, «алтын болады», деп дөп басып айту қиын. Мұның бәрі жолдама санына байланысты болады, - дейді штаб басшысы. Дегенмен, жанкүйерлер жүлдені боксшылардан күтетіні анық. Әзірге Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимовада ғана жолдама бар. Олардың қатарына кім қосылатынын Италия мен Таиланда өтетін турнирдің нәтижесі көрсетеді.

Серік Сәпиев, Олимпиада чемпионы, штаб мүшесі:

Италияда малый мир болады. Себебі әр салмақта 30- дай боксшы қатысады, біздің боксшылырамызға әрине қиын болады. Италияға 11 боксшы барады. Алты ерлер, бес әйел. Менің ойымша барлық лицензияны алмайды, барлық боксшылар.

Дзюдодан ерлер құрамасы Олимпиададан 1 медаль «қарыз». Министрлік татами шеберлеріне осындай міндет жүктепті. Қазір дайындық қызу, - дейді бас жаттықтырушы Нұрбол Сүлейменов. Оның айтуынша, жігіттерің арасында жеңіл салмақта бәсекелестік жоғары. Парижге үміттілердің ішінде Олимпида ойындарының күміс, қола жүлдегері Елдос Сметов те бар. Бірақ, әзірге 2 командаласынан ұпайы төмен. Олардың ішінен рейтингі жоғары тұрған дзюдошы ғана Олимпиадада ел намысын қорғайды.

Нұрбол Сүлейменов, дзюдодан ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы:

Төрт турнир, және әлем чемпионаты мен азия чемпионаты бар. Жастардың аяқ алсытарына қараймыз бұлар алдыға шығып, өздерін жақсы көрсетіп жатса енді Елдосқа жол беру керек болатын шығар. Бұны енді нақты шепедік, шешеміз сол мамыр айына таман.

Қоржындағы 19 лицензия спорттың 8 түріне тиесілі: Олар: садақ ату, веложарыс, нысана көздеу, қазіргі бессайыс, бокс, грек-рим күресі, еркін күрес және спорттық гимнастика. Бұдан бөлек, төртжылдықтың басты бәсекесіне жауапты Ұлттық Олимпиада комитеті басшысыз отыр. Олардың сайлауы 26 ақпанға жоспарланған. Комитет президенттігіне 5 адам кандидат.


Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу