Астанада Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі өтеді

15.06.2023

Ертең Астанада дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі басталады. Мұндай әлемдік жарыс Қазақстанда бірінші рет өткелі тұр. «Барыс Аренада» болатын додаға 42 елдің 300-ден астам спортшысы бақ сынайды. Бүгін байрақты бәсекенің жеребе тарту рәсімі өтті. Жалпы турнирде 50 дзюдошы ел намысын қорғайды. Мұнда Париж-2024 Олимпиадасының ұпайы сарапқа салынады. Жүлде қоры - 154 мың еуро. Ертең татамиде әйелдер 48, 52, 57 келіге дейінгі салмақта, ерлер 60, 66 келіде белдеседі. Сондай-ақ, татамиге Абиба Абужақынова шықпайды. Медицина мамандарының оның әлем чемпионатында алған жарақаты толық жазылмаған және асқындырып алу қауіпі жоғары, дейді. Қазақстан дзюдо федерациясы дюздошыларымыздан үлкен үміт күтіп отыр.

Самат Жылқыбаев, қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

Елде өтіп жатқаннан кейін өз спортшыларымыздан үлкен үміт күтеміз. 2 алтын жоспарымызда бар. Одан да басқа күміс, қола көбірек аламыз деген ойдамыз. Мына жарыстың деңгейі өте жоғары. Үйде өтіп жатқаннан кейін біздің қыз-ұлдарымыз намысқа тырысып, сол жетістікке жетеді деп тілектестік білдіреміз.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу