Президент «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

22.02.2024

Еліміздің ішкі нарығына газ жеткізу көлемі 19 пайызға ұлғайып, 213 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ, компания былтыр ішкі нарықтағы газ бағасын субсидиялауға 175 миллиард теңге бөлген. Мұны «QAZAQGAZ» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы, мемлекет басшысына баяндады. Санжар Жаркешовтің айтуынша Ұлттық компания табиғи газды экспорттау және тасымалдау жөніндегі міндеттемелерін толық орындап отыр. Мемлекет басшысы ішкі нарықты газбен тұрақты түрде қамтуға, ресурстық базаны кеңейтуге және оның инвестициялық тартымдылығын жақсартуға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Санжар Жаркешов «QAZAQGAZ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Соммасы шамамен 12 млрд долларды құрайтын үлкен ірі жобаларға инвестиция тартылғанын мәлімдедім. «QAZAQGAZ» Ұлттық компаниясы өз бюджетінен 4 млрд теңгеге газ нысандарын Қазақстан бойынша салып іске қосты. Қазақстанның да газдандыру мәселесі жүріп жатыр. 112 елді-мекен газға қосылды. Газ ресурстық баззасы да артып жатыр. Ұлттық компания жаңа «Анабай» газ-кен орнын іске қосты.


Хабарламаларға жазылу