Президент «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады

12.08.2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады. Ол ұлттық компаияның биыл атқарған жұмысы жайында есеп берді. Басқарма төрағасының айтуынша, 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында жүк айналымы былтырмен салыстырғанда 3,5%-ға артқан. Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалының көлемі де біршама өскен. Соған сәйкес, мемлекетаралық бекеттегі өткізу қабілетін арттыру шаралары қабылданады. Ал пандемияның әсерінен жолаушылар тасымалы өткен жылмен салыстырғанда екі есеге азайған. Кездесу соңында Президент компания басшысына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Оңғар Алпысбай 

Хабарламаларға жазылу