Еліміздегі «Жас Ұлан» әскери мектептері біртіндеп колледжге айналады. Биыл Шымкент қаласындағы республикалық білім беру ұйымын әскери колледжге ауыстыру туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің өкілдері айтты. Ал келер жылы бұл үдерісі Алматы және Қарағанды облысында жалғасады. Оған 9 және 11сыныптарды аяқтаған түлектер түсе алады.
Бұдан бөлек, министрлік қолдауымен биылдан бастап бірінші рет әскери істегі журналистика және қоғаммен байланыс, әскери істегі дирижер мамандықтары бойынша оқуға қабылдау жүргізілмек. Талапкерлер кәсіби-психологиялық іріктеуден, түпкілікті медициналық куәландырудан, физиалық дайындығын тексеруден және конкурстық іріктеуден өтеді.
Руслан Жангулин, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы:
Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің «Радиоэлектроника және байланыс» әскери институтында осы әскери істегі журналистика және қоғаммен байланыс мамандығы бойынша мамандарды биылдан бастап қабылдауды жоспарлап отырмыз. Бұл айтып өткеніміздей саласық әскери журналистиканы дамыту мақсатында. Жаңағы айтылған талаптардың, бірінші кезкте денсаулығына байланысты әрине және де балл жинау. Бұл ретте біз талапкердің шығармашылық қабілетінде ескеретін боламыз.
Асылбек Данияр