Алматы облысында қонақ үйдің кәріз суы шатқалға ағып келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қонақ үйдің кәріз суы шатқалға ағып келген

20.02.2024

«Көлсай» көлінің маңындағы қонақ үй кәріз суын шатқалға ағызып келген. Мұны жергілікті тұрғындар байқаған. Олар көлге қарай тартылған құбырды анықтап, қазып алған. Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мұны растап отыр. Қонақ үй бизнесімен айналысатын компанияға қатысты заңбұзушылық анықталған. Хаттама толтырылып, іс Кеген аудандық полиция бөлімінде тіркелген. Заңнамаға сәйке, компанияға қатысты істі қарау Алматы облысының экология департаментіне жіберілген.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу