Семейде аяздан көпірде жарықтар пайда болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде аяздан көпірде жарықтар пайда болған

19.02.2024

Семейдегі аспалы көпірге қатты аяздың салдарынан сызат түсіп, жарықтар пайда болған. Мұны бақылаған белсенділердің айтуынша, жарықтың ұзындығы кей жерде 20 сантиметрге жетеді. Ал жергілікті әкімдік бұл жағдайды жан-жақты зерттеп, көпір қирамайды, қауіп жоқ деп отыр.

Абай облысында құтқарушылар 120 адамды, оның ішінде 6 баланы қар құрсауынан сәтті эвакуациялады. Сондай-ақ, Қалбатау ауылынан Көкпектіге және Боғас учаскесіне дейінгі бағыттар бойынша республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын тазарту жұмыстары жүргізілді.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу