Семейде автомонша пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде автомонша пайда болды

01.08.2014
Семейде автомонша пайда болды

Семейде автомонша пайда болды. Жергілікті тұрғын Ерлан Әбділов ескі «Паз» маркалы автобусты жөндеп, жылжымалы монша етіп жарақтаған. Онда жуынатын, бумен қыздырынатын, демалатын бөлмелер бар.

Ескі көлікті осылайша іске жарату үшін 4-5 ай уақыт кеткен. Қазір «автобус моншаға» қызығушылық танытып қаланың әр жерінен тапсырыс беріп жатқандар көп көрінеді. Табыстың көзін тапқан тапқыр жігіт алда бұл ісін жандандырмақ ниетте.

Ерлан Әбділов, өнертапқыш:

6-7 адам еркін сыяды. Кез келген жерге барамыз. Әсіресе, демалыс күндері шақырушылар көп. Алда тапсырыс көбейіп жататын болса, тағы бірнеше ескі көліктерді осылайша іске жарату ойда бар.

Ержан ЖАҚЫП

 

Хабарламаларға жазылу