Үндістан фермерлері шеруді жалғастыратынын ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістан фермерлері шеруді жалғастыратынын ескертті

16.02.2024
Үндістан фермерлері үкіметпен арадағы келіссөздердің үшінші раунды нәтиже бермегеннен кейін ел астанасы Делиге шерулетіп баратынын ескертті. Олар Чандигарх провинциясынан жолға шыққан. Бұл маршқа кедергі жасау үшін полицейлер көзді жасаурататын газ қаруын қолданып, трассаларға бөгет қойған.
Ауыл еңбеккерлері өздерінің күнкөрісі үшін барлық өнімдерге ең төменгі баға белгілеуді талап етіп жатыр. Алайда билікпен осы мәселе бойынша мәміле жасау әзірге мүмкін болмай тұр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу