Ұлттық қордан түскен 100 долларды 18 жасқа толғандар шеше алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қордан түскен 100 долларды 18 жасқа толғандар шеше алады

12.02.2024

Ұлттық қордан түскен 100 долларды 18 жасқа толғандар шеше алады. Яғни, оқуға төлеу немесе баспана алу үшін өтінім беру қажет. Ол қалай беріледі? Әріптесім Самал Қабышева 18 жасқа биыл толған, алғашқы болып өтінім берген кейіпкерді тауып, тілдесті.

Ұлттық қордан түскен 100 долларды 18 жасқа толғандар шеше алады. Яғни, оқуға төлеу немесе баспана алу үшін өтінім беру қажет. Ол қалай беріледі? Әріптесім Самал Қабышева 18 жасқа биыл толған, алғашқы болып өтінім берген кейіпкерді тауып, тілдесті.

 ҰЛТТЫҚ ҚОР – БАЛАЛАРҒА: ҚАРАЖАТТЫ АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАЛАЙ БЕРІЛЕДІ?

Ахмедәли 9 қаңтарда 18 жасқа толған. Өзі Астанада оқиды. Айти саласының бірінші курс студенті. Отбасы банкінің өкілдері алғашқы өтінімнің бірі – осы қызылорданың тумасынана түскенін айтады.

Ахмедәли Дүйсембайұлы, студент:

9 қаңтар 18 жасқа толдым. Қуанышқа қарай үкіметтен 100 доллар түсті. Бірден отбасы банкіндегі жинап жатқан шотыма аударып қойдым. Өтінім қабылданды. Заявкалар қабылданып, бүгінгі күні ақшаларым конвертациядан өтіп жатыр.
Самал Қабышева, тілші:

Биыл 18 жасқа толған балалар Ұлттық қордан ақшасын шешу үшін өтінімді қалай беру керек? Қазір жолдарын көрсетеміз, өте қарапайым. Ол үшін енпф сызықша отбасы сайтына кіреміз. Міндетті түрде сізге электронды цифрлы қолтаңба қажет болады. Яғни, ЭЦП. Міне, кілтіңізді таңдайсыз. Құпия сөзіңізді белгілейсіз. Арнайы платформаға кіргеннен кейін бұл жерде Ұлттық қор деген арнайы бөлігі бар. Міне, осы жерде назар аударыңыз деп жазылып тұр. Яғни, 18 жасқа толған балалар өтінімді жібере алады.
Самал Қабышева, тілші:

Балаға ақшаның түскен-түспегенін білу үшін ұялы телефон болса жеткілікті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қосымшасына кіресіз. Ол жерде ұлттық қор балаларға деген батырма бар. Дәл осы жерге балаңыздың ЖСН, жеке сәйкестендіру номерін енгізесіз. Тесеру батырмасын басасыз, бірден ақпарат щығады.
18 жасқа толған баланың шотында қордан жиналған қаражат 10 жыл бойы сақталады. Осы уақытқа дейін пайдаланбаса, автоматты түрде зейнетақы қорындағы шотына түседі. Мұндағы қаржы үшін ешқандай салық алынбайды. Жаман айтпай жақсы жоқ. Егер бала қайтыс болса, ұлттық қордан түскен ақшаны ата-анасына, жақынына мұрагерлік жолмен қалдыруға болады.

Мұрат Шарипов, «БЖЗҚ» АҚ басқарушы директоры:

Ол ақшаны мүрагерлері басқа да мақсатқа қолдануға мүмкіндіктері болады.

Ал қаражатты тұрғын үйге жұмсаудың 12 бағыты бар. Айталық, баспана алу, ипетока, жер үй салу, отбасы банкіндегі депозит төлемін толтыру сынды мүмкіндік қарастырылған. Оқу ақысын төлеудің де 5 түрлі бағыты бар. Шет елде білім алсаңыз да, ұлттық қордан түскен ақшаны жұмсай аласыз. Ал, көпті мазалаған сұрақ, қордан қаражат жылына бір рет ғана түседі.

Меруерт Әділбаева, «Отбасы Банкі» АҚ орталық филиалының бизнесті дамыту басқармасының басшысы:

Оқу орнын төлеу болса, соның реквизиттарын салады. Қай ұйымға аудару керек екенін. Сол бойынша сол мекемелерге ақшалар аударылады. Ал, үйді сатып алуға договор купли продажи жасағанда сатушының шотына ақшаны аударатын болады.
Биыл 7 млн-ға жуық балаға ұлттық қордан қаражат түсті. Оның 300 мыңнан астамы биыл 18 ге толып, қаражатты белгіленген мақсатқа жұмсай алады. Ал, қордан жыл сайын қаражат жылдың басында бір рет түседі. Және ондағы төлем өсіп отыруы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу