ШҚО-да бірнеше ауылды су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да бірнеше ауылды су басты

12.02.2024

Күн райының күрт жылынуы салдарынан шығыстағы Зайсан қаласы мен Қатонқарағай ауданындағы Жұлдыз және Көкбастау ауылдарын қарғын су басты. Таудан еріген қар суы Зайсанда екі көшеге жайылды. Төтенше жағдай бөлімі мен аудандағы коммуналдық сала мамандары бірілесе қимылдап, суды арықтарға бағыттады. Бұл жұмысқа жалпы 50 маман мен 15 техника жұмылдырылды. Тұрғын үйлерге су кірген жоқ. Ал Қатонқарағайдағы екі ауылдың шеткі көшелерін су басқан кезде мамандар бірден қимылдап, жолын бөгеді. 30 тоннаға жуық қиыршық тас төгілді. Үйлердің ауласына жиналған су арнайы құрылғымен сорғызылды. Өскемен қаласындағы Ахмер кентіндегі бірнеше тұрғын үйдің ауласын да су басты. Коммуналдық сала мамандары 5 техникамен келіп, суды арықтарға бұрып, жеке үйлерді қоршап қиыршық тас төкті.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу