Ғылым саласындағы сұлулар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғылым саласындағы сұлулар

09.02.2024

Бүгінде ғылым саласындағы қаракөздеріміз әлемдік ғылыми-тәжірибеде өзінің жұмыстарын кеңінен таныстырып, еліміздің дамуына үлес қосып жүр. Жас ғалымдарымыздың ғылыми зерттеулері шетелдік басылымдарда жарияланып тұрады. Ғылымның әр саласындағы қыз-келіншектердің тың жаңалықтары туралы әріптесім Ақмаржан Ғафизқызы рет-ретімен баяндайды.

Ақмарал Ментбаева - 38 жаста. Ғалым-профессор. Химия саласында 15 жылдан астам зерттеу жүргізеді. Ол газ сенсорлары, жасыл энергия көздерін сақтайтын аккумуляторлар мен сутегі энергиясын өндіріп, оны қауіпсіз тасымалдау жобаларын жасайды. Оның айтуынша «жасыл» сутегін өндіру үшін елде әлеует жетерлік. Климаттық өзгерістер Дүниежүзін алаңдатқан кезде ортақ проблемаларды ғалымдар бірлесіп шешуге мүдделі. Оған біздің тараптан да ұсыныс бар.

Алмагүл Ментбаева, Назарбаев университетінің инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры:

Біздің жасап жатқан материалдарымыздың негізгі бағыты - бөлме температураларында қыздыруды қажет етпейтін, азырақ энергия пайдаланып, жақсы материал жасау. Әртүрлі әдістермен аз материал пайдаланып, әртүрлі газдарды анықтау. Біздің мақсатымыз - энергияны көп шығындамай инженерия жағынан өзгерте келе +820төменірек температурада, қыздырғышты қажет етпей қолжетімді сенсорлар жасау. Күн энергиясын, жел, су энергиясын пайдалану. Ол жерде бір мәселе ол энергияларды сақтайтын литиолды аккумуляторлар бар. Сол үшін литиолды аккумуляторлар бойынша ғылыми зерттеуімізді жасыл энергетикаға қатысты деп қарайтынымыз, сол өндірілген энергияны сақтайтын көздер болу керек. Сутек энергетикасы болашағы жоғары, жасыл энергетика болып саналады ғой. Сол сутегін сақтау. Себебі, ол өте реактивті газ. Сол үшін оны қауіпсіз сақтау. Оны транспорттау. Ол бағыттада біз жұмыс істейміз.

Ал 37 жастағы Мүнзия Әбутәліп әке жолын жалғап, ғылым саласында 16 жылдан бері еңбек етеді. Ол химиялық жолмен мұнай тасымалы, полимерлі мембраналар арқылы ауыз су өндіру бойынша ұтымды жобалар жасап шыққан. Әлемде су тапшылығы жиілеген кезде, теңіз суын тұщытып, ауыз су алу тиімді әдіс. Бірқатар дамыған ел атом реакторларының көмегімен жерасты су қорын қолдан толтырады. Мұндай әдіс бізде де бар. Ал оны жетілдіру ісінде ғалымдарымыздың жұмысы шетелдегі әріптестерінен еш кем емес.

Мүнзия Әбутәліп, Назарбаев университетінің аға ғылыми қызметкері, профессор:

Полимерлерді синтездеп алдым. Оларды біз мұнайда қолдандық. Бірақ біздің мұнайдағы парофиннің мөлшері көп. Сол парофин құбырды бітеп қалады. Ол құбырды алмастыру бізге өте қымбат түседі. +0613Менің осы жасаған полимерлерім сол балауызды ерітеді. 0654Мұнайдың құрамын еш өзгертпейді, себебі ол мұнайдың құрамы болып саналады.+803Қазір қолданысқа енгізіп жатырмыз. Біздің алып жатқан мембраларымыз теңіз суындағы тұздарды 90пайызға дейін алып шыға алады. Теңіз суының құрамында өте көп тұздар бар. Біз мембрананың әртүрлі қасиеттерін +945әртүрлі иондарды қайтара алатындай біз оның қасиеттерін өзгертіп,мембраны қазір жасап шықтық. Бұл әдіс қазір бүкіл әлемдегі ғалымдардың қызуғышылығындағы проект+1923 Өзімнің миссияма келетін болсам - шынайы ғылым жасалса екен деген үмітім.

«Бір ғалымды көрсеңіз, ондай болмақ қайда»,-деп Абай айтқандай өнертапқыштарға қарап бой түзейтіндер аз емес. Қазір олар ізашарға айналған.

Дана Қанжігітова, ғылыми қызметкер:

Осы үш жылда pHd бойынша өзінің көмегін көрсетті. Ол кісіге өте үлкен алғысымыз шексіз. Доктор Мүнзия сол полимерлер жасау кезінде кішкене проблемалар болды.Сол проблемаларды қалай шешу жолдарын бізге көрсетіп, жол бағыттады. Ұстазымнан алған білімімді болашақта осы Қазақстанның ғылымын дамытуға, үлкен кәсіпорындар бізде жеткіліксіз. Соларды ашып, Жаңа тоқ өткізгіш полимерлер жасап, олардың бағаларын арзандатып0328Қазақстанға өзімнің көмегімді көрсеткім келеді.

Жаратылыстану - дербес ғылым. Химиялық инженерлер техникалық саланы қауіпсіз ету үшін біліміне сүйенеді. Ондай жетістікке жету екінің бірінің қолынан келмейді. Сондай ұмтылыс жасаған қазақстандық ғалымдардың жаһанда қадамы нық, қарқыны қат

Хабарламаларға жазылу