Отандық ғалымдар азық-түлік өнімдерін байытуға арналған қоспа әзірледі
Қазақстандық ғалымдар азық-түлік өнімдерін байытуға арналған биологиялық белсенді қоспа әзірлеп шығарды. Жоба гранттық қаржыландыру арқылы жүзеге асырылуда, жыл соңына дейін толық аяқталады. Қазір мамандар қоспаны сынақтан өткізіп жатыр. Әзірге, сүт және ет өнімдеріне тәжірибе жасалған. Ғылыми жоба жетекшісінің айтуынша, қоспа тағамның жарамдылық мерзімін ұзартуға септігін тигізеді. Бұл әсіресе, азық-түлік өнімдерін өндірушілерге қажет дүние болмақ. Бұдан бөлек, қарт адамдардың сүйегін қатайтуға да, пайдасы орасан. Денсаулыққа пайдалы белсенді биологиялық қоспа түрлі аурудың алдын алу үшін болашақта таблетка болып шығуы мүмкін.
Қадыржан Мақанғали, ғылыми жобаның жетекшісі:
Биологиялық активті қоспа өсімдік, шикізат негізінде жасалып жатыр. Оның ішінде портула және ирга жидектері негізінде жасалып жатыр. Қазіргі таңда бірініші алынған нәтижелер бойынша портулак өсімдігі күшті антиоксиданты күшті қасиетке ие болып тұр. Салыстыратын болсақ, бұл С витаминінен антиоксидант қасиеті 7 есе жоғары.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup 2026 кестесі
02.07.2026, 20:30
Халықтық Конституция - тұрақты дамудың кепілі
02.07.2026, 20:16
Ізгілік акциясы: Кімдерге рақымшылық жасалады?
02.07.2026, 20:15
Борышкерлерге барлық қарыз үшін бір төлем кестесі жасалады
02.07.2026, 20:07
Әлем жаңалықтарына шолу
02.07.2026, 20:05
Президент бірқатар кездесу өткізді
02.07.2026, 20:05
Инвесторлар серіктестікті одан әрі дамытуға мүдделі
02.07.2026, 20:05
Global Businesswomen Council ұйымының IV отырысы өтті
02.07.2026, 20:03