Сенатор Нұртөре Жүсіп МӘМС жүйесін сынаған Мемлекет басшысын қолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатор Нұртөре Жүсіп МӘМС жүйесін сынаған Мемлекет басшысын қолдады

08.02.2024

Сенатор Нұртөре Жүсіп МӘМС жүйесін сынаған мемлекет басшысын қолдады. Оның айтуынша, азаматтарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын жақсарту қажет.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

«Қазір мемлекет бюджетінің жартысынан көбі әлеуметтік салаға бөлініп жатыр. Соңғы жылдары әлеуметтік саладағы инфрақұрылымды дамыту үшін біраз жұмыс атқарылды. Әлеуметтік сала мамандарының, әсіресе педагогтер мен медицина қызметкерлерінің беделін арттыруға баса мән берілді. Енді азаматтарға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсарту қажет. Бұл – ең алдымен, денсаулық сақтау саласына қатысты мәселе».

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу