Көкшетауда екі жылда 5 қаржы пирамидасы жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда екі жылда 5 қаржы пирамидасы жойылды

05.02.2024

Ақмола облысында соңғы екі жылда 5 қаржы пирамидасы жойылды. Олар азаматтарды алдап, 300 миллионнан астам теңгені қалтаға басқан. Үш жылда кибербақылау жүйесінде 2,5 мыңға жуық сайт пен аккаунт бұғатталды. Алайда, әлі күнге дейін оны құратындар да, оған алданатындар да азаймай тұр. Осыған байланысты облыстық экономикалық тергеу департаментінің мамандары теміржол саласының жұмысшыларына қаржылық сауаттылықты арттыру бағытында дәріс берді. Онда қаржы пирамидаларының қалай жұмыс істейтіндігі, жаңа әдіс-тәсілдері мен схемалары жайында толық ақпарат берілді.

Айбар Мұқашев, Ақмола облыстық экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:

Қаржылық сауаттылық не екендігін және өмірде қалай пайдалануға болатыны жайлы және қаржы пирамидаларының құрбаны болмау, және олардан қалай сақтануа қажет екендігі жайлы дәріс оқылды. Дәрістің басты мақсаты-осы қарапайым адамдардың болашақта қаржы пирамидаларының құрбаны болмауы.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу