Риелторлардың жұмысын реттейтін бап керек – заңгер
Риелторлардың жұмысын реттейтін бап керек. Қазіргі заңда ондай тетік қарастырылмаған. Белгілі заңгер Аржан Сәдуақас осылай дейді. Осы олқылықтың кесірінен шығынға бататын азаматтар көбейген. Елорданың бірнеше тұрғыны редлакциямызға осындай шағыммен келді. Үйін сатқысы келгендер де, баспана алуға ниеттілер де қарызға батқан. Олардың шағымын құзырлы органдар қабылдамайды. Оған себеп көп. Толығырақ әріптесім Асылбек Даниярдың материалында.
Әйгерім Рахымжанова – Астананың тұрғыны. Айдың-күннің аманында басына 1 миллион 200 мың теңге қарыз ілінді. Үйін сатпақ болған келіншек, әуелі сайтқа жарнама орналастырады. Артынша риелторлар қоңырау шалып пәтердің тез өтуіне көмектесеміз деп қызметін ұсынған. Екі жақ келсімшарт та жасасыпты. 3 айдың ішінде үйді сатуға уәде еткен риелтор сөзінде тұрмады, - дейді. Келісімшарт бұзылған, артынша соттан хат келеді. Тиісті сомманы төлемесе, барлық есепшотын бұғаттаймыз, деп қорқытқан.
Әйгерім Рахымжанов, қала тұрғыны:
Эксклюзивті шарт бойынша мен бұл үйді бір жақты келісімшартты бұзғанмен 30 күн аралығында үйді сата алмайды екенмін. Ол мына бапта жазылған. Мен оны оқығаныммен, не жазылғанын түсінбедім. Жауап бердім: «Мен үйді сатуға құқығым бар. Конституция бойынша сіздер менің құқымды шектеп тұрсыздар. Мен онымен келіспеймін, ол сумманы төлемеймін», - деп жауап жазамын.
Қазақстан риелторлар қауымдастығы өкілінің айтуынша, келісімшарттың стандарты бар. Бәрі Конституция аясында жазылған, - дейді. Сонымен бірге, Әйгерім Рахымжанова жалдаған компаниясы қауымдастыққа тіркелмегенін жеткізді. Дегенмен, тараптар экслюзивті келісімшартқа отырған соң, риелтордың ақысын төлеу шарт, - деді.
Жәрдем Ақбисенов, Қазақстан риелторлар қауымдастығы директорлар кеңесінің мүшесі:
Арбиторажды сотта біздердің сотқа бармас үшін ең бірінші клиент келісімшартты толық оқып шығу керек. Кейбіреулер айтады мен оқыған жоқпын, мен түсінген жоқпын дейді. Ол отырғанда, үйді қабылдағанда бәрін ашық айту керек.
Заңгердің де пікірі қауымдастық өкілдерімен ұқсас. Құжатқа үңілмеген, үйім сатылса болды деген салғырттықтың салдары, - дейді. Шартқа қол қоймас бұрын тараптар әр пунктін талдап, ұнамайтын тұстарын алып тастау керегін айтты. Аржан Сәдуақас мұндай дау болашақта да жалғасуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.
Аржан Сәдуақас, заңгер:
Субъективті пікірім бұл жерде риелторлар мен арбитраждық барлық соттар емес осы контактіде көрсеткен соттар сыбайласып осындай шешім шығарады деп ойлаймын. Парламентке ұсыныс жібердік. Бізде тұрғын үй заңнамасы бар, соған бір тарау енгізіп ол тарауға риелторлық қызметтің әрекеттерін реттеу керек.
Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та риелторларға бірнеше рет алданған. Басты себеп – келісімшартты оқымау, - дейді. Риелторлардың үйін сатушыларға баспананы келісімшарт аяқаталғаннан кейін бірнеше күнге сатуға тыйым салу – заңсыздық екенін айтты.
Дәулет Мұқаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Ондай нәрсе заңсыз. Ондай нәрсе, тіпті, Конституцияның өзінде адамның құқығына шектеу қою ғой. Бұл нәрсенің барлығын сот шешеді ғой, арнайы құзырлы органдардың құзретіндегі нәрсе ғой. Бұл жерде өзгерістен бұрын сол риелтордың тізімі арнайы жылжымайтын мүлік агенттігінің кеңейту керек. Яғни кез келген адам мобильді түрде немесе саятқа бірден кіріп, Сондай бір жинақтаушы база керек.
Іс - арбитражды яғни жеке меншік сотта қаралып жатыр. Келісімшарт бойынша қалалық сот, прокуратура мұндай шағымды қарамайды және сот шығарған шешімді өзгерте алмайды. Қазір өздерін жәбірленушіміз деген 10 адам құзырлы органдардың есігін қағып жүр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
