Алматыда жас жігіт әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды өлімші етіп сабаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жас жігіт әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды өлімші етіп сабаған

21.07.2015
Алматыда жас жігіт әлеуметтік желі арқылы танысқан қызды өлімші етіп сабаған

Алматыда әлеуметтік желі арқылы танысқан қыз бен жігіттің алғашқы кездесуі сұмдық жағдайға ұласқан.

Кездесуге арам пиғылмен келген жігіт қызды бірден төсекке тартпақ болған. Оны өз ырқына көндіре алмаған «сері» аруды аяусыз соққыға жыққан.

Ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілген жәбірленуші арудың жағы сынған, бүйрегі төмен түскен, бауыры езілген.

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысы шыққан соң айыпталушыға қасақана ауыр дене жарақатын салғаны үшін жаза тағайындалады.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу